Тәуелсіз Қазақстан туымен – тұғырлы,  елтаңбасымен – еңселі, әнұранымен – әуелі. Тура 26 жыл бұрын ұлттық болмысымызды айқындап, егеменді мемлекеттің әлемдік қауымдастықта бірегейлігін танытатын төл рәміздеріміз дүниеге келді. Айшықты белгілеріміз бекітіліп, қалыптасуының барысында бізді халықаралық ұймдар мойындап, беделіміз асып дүниежүзінің танымал алаңдарынан жаһандық бастамалар белсенді түрде көтеріліп келеді. Бұл жас мемлекетімізбен басқалар санасатындай өзге елдермен саяси-экономикалық байланысының жанданып, жетілуіне негіз болып, Қазақстанның тұрақты дамуына жол салды.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Тәуелсіздіктің 27 жылының ішінде мемлекеттік рәміздеріміз елімізді дамудың даңғыл жолына жетелеген басты нышандарға айналды. Бүгінде Қазақстан әлемдегі қарқынды түрде дамып келетін жас мемлекет болып саналады. Еліміз өзіндік бағдар таңдап, мемлекеттігін лайықты түрде дәлелдеп келеді. Қазақстанның дүниежүзіне ұсынары бар. Көптеген жаһандық бастамаладың кешенді бағдарламасы құрылды. Әлемнің заманауи сәулетін қалыптастырған мемлекеттің үстінде баршаға танымал көк байрағымыз желбіреп тұр.    

Нышандарымыздың бекітіліп қалыптасуы ширек ғасырмен шектелмейді. Айшықты белгілердің негізінде егеменді елдің шежірелі дәстүрлермен сабақтастығын куәландыратын өзіндік тарихы жатыр. Онда өткен мен бүгін  шынайы  шеберлікпен  шендестіріліп үйлесімді ұласқан.  Айшықты белгілері мен ою-өрнектері халқымыздың түп-тамыры тереңде жатқан салт-санасы мен ой-өрісінің жарқын  көрінісі және бірлігі жарасқан тұтастық, тыныштық  пен  бақ-дәулетті бейнелейді.   

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елбасының бастамасымен арнайы комиссия үлкен жұмыс атқарды. Шәкен Ниязбеков, Шот-Аман Уәлиханов мемлекеттік рәміздерге қатысты жасаған жобаларын ұсынды. Мемлекет басшысы еліміздің әнұранының құрылуына тікелей атсалысты. Өз қолымен  өзгертулер енгізу арқылы мәтінінің әрленіп, мән-мағынасының әсерлене түсуіне ықпал жасады. Қазір бәріміз оны ерекше ықыласпен орындап жүрміз.

Өзге нышандар сынды әуелеген әнұранымыз Қазақстанның сән-салтанатын қайда болмасын асқақтатып, отандастарымыздың көкірегіне елжандылық қасиетін ұялататыны сөзсіз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер