Омбы қаласында дәстүрлі VIII «Той Думан» аймақтық мәдениет және спорт мерекесі өтті - Kazakh TV

Ресейде қазақ халқының ұлттық мәдениеті ұлықталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Омбы қаласында дәстүрлі VIII «Той Думан» аймақтық мәдениет және спорт мерекесі өтті. Оған Германия, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 1000 жуық азамат қатысты.

АСЫЛБЕК ШАХВАЕВ, ОМБЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Жылда мейрамды атап өтуге отбасымызбен келеміз. Қазақтың «Той Думаны» болғандықтан, биыл, міне, шапанымды арнайы киіп алдым.

ТАМАРА ПИЛИПЕЦКАЯ, ОМБЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Қазақ халқының біз білм

ейтін көптеген дәстүрлері бар екен. Енді танысып жатырмын. Ұлттық тағамынан да дәм таттым. Бәрі керемет.

Береке-бірлікті бекемдейтін мерекеге халық көптеп жиналды. Қандастарымыз асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес сынды сайыстарда өз бақтарын сынады. Соңғысына Қазақстан, Ресей және Тәжікстан елінен 30-дан астам балуан қатысты.

«Той Думан» мерекесі осымен сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Биылғы шара Мағжан Жұмабаевтың 125, Сегіз Серінің 200 және Қожаберген Жыраудың 355 жылдығына арналды.

АЛТЫНАЙ ЖҮНІСОВА, «МӨЛДІР» СІБІР-ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз енді Ресей Федерациясында бірінші болып құрылдық, мінеки, бүгінде 29 жыл болды. 1989 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы көп естіп жатырмыз. Сол «Рухани жаңғыруды» біз 29 жыл бойы, әлі күнге дейін еңбек жасап жатырмыз.

Ресейдің Омбы облысында 300 мыңға жуық қазақ тұрады. Олардың ділі мен дінін ұстанып, әдет-ғұрпын дәріптеуге барлық жағдай жасалған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер