Мағжан Жұмабаевтың таңдамалы шығармалар жинағы тұңғыш рет өзбек тіліне аударылды. Шайыр шығармаларын Қарақалпақстанның халық ақыны Музафар Ахмад тәржімалаған. Мағжан 1922 жылы Ташкент шаһарына көшіп келіп, осында 2 жыл көлемінде тұрған. Осындағы қазақ-қырғыз ағарту институтында сабақ беріп, тынымсыз ізденіс үстінде болған ақынның шығармалары сол кездің өзінде өзбек оқырмандарына етене таныс болды, дейді зерттеушілер.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жариялауы биыл жалпы бауырлас халықтар арасындағы байланысқа үлкен серпін берді. Науаи университетіне Абай жылына байланысты Мағжанға қатысты шараға келіп отырмыз. Мұндай үлкен Түркістанға ортақ тұлғалар біздің әдеби, ғылым байланысын жандандыруға өзінің септігін тигізері анық. 

Ташкентте өткен ғылыми конференцияда қос елдің ғалымдары түркі әлемінің дамуына қатысты келелі мәселелерді талқылады. Әдебиетші ғалымдар шығыс ренессансының шыңында тұрған Фараби мен Науаи, Абай мен Шолпан сынды түркі әлемінің жарық жұлдыздарының шығармаларына терең талдаулар жасады. Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар Өзбекстандағы Абай жылының ресми ашылуына орай Абай орталығына ақынның кітаптарын сыйға тартты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер