Кербездік пен інкәрлік үндескен әсем ырғақты қимыл. Елордада «Silk Way – Жібек жолы 2018» дүниежүзілік хореографиялық фестивалі өтті. Бұл осымен елімізде V мәрте шымылдығын түрген халықаралық деңгейдегі спорттық-балдық би бәйгесі. Аталмыш жоба кезекті рет ежелгі Ұлы Жібек жолындағы Азия, Еуропа және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің өнерлі өрендерін жиды.

СВЕТЛАНА ТӨРЕБЕК, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Фестиваль бүгінгі таңда көпшілікке танымал өзіндік орны мен ортасын қалыптастырған беделді хореографиялық жарыстардың біріне айналды. Дүниежүзінің үздік деген жұптары жиналды. Бұл сайыстың халықаралық дәрежеге көтерілгендігінің белгісі. Өйткені әлемдік деңгейдегі бишілердің басын қосу өте қиын. Бәсекелестік өте жоғары.

Классикалық еуропалық мәнердегі жылдам және баяу вальс, танго мен фокстрот, дәстүрлі латынамерикалық самбо, румба, ча-ча-ча би түрлері. Осының бәрі елордалық сахнаның төрінде өткен байқаудың бағдарламасына енді.

САУАЛНАМА:

ИЛЬЯ ВОЛКОВ, САЙЫСКЕР /БЕЛАРУСЬ/:

Қарсыластардың шеберлігі өте мықты. Біз үлкен бәсекелестік болған жарыстарды жіберіп алмауға тырысамыз. Бабымызды саралайтын осындай сындар қажет.

ЯСМИН ВЕТРОВА, САЙЫСКЕР /ҚАЗАҚСТАН/:

Біздің Бахтиярмен жұптасып өнер көрсетіп жүргенімізге 1 жыл болды. Осы аралықта Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларында өткен жарыстарды жеңіп шықтық. Осы сайысқа да тек чемпион боламыз деп белді бекем буып келдік.  

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер