13 жасар қазақстандық жас әнші Парижде өткен байқауда 1 орынды иеленді

13 жасар қазақстандық жас әнші Парижде өткен байқауда 1 орынды иеленді

13 жасар әнші қыз Айдана Әлімжанова Францияның Париж қаласында өткен байқауда жүлделі 1 орынға қол жеткізді. Вокалмен айналысқан 5 жылдың ішінде осындай белесті бағындыру бақ пен баптың қатары шабуы, - дейді, ұстаздары.

Айдананың Францияға баруына балалар шығармашылығы үйінің ұжымы сеп болған. Шетелдік байқаулардан үнемі хабар алып отыратын ұстаздар Париждегі мүмкіндікті әнші қыздың ата-анасына жеткізген.

ЛАРИСА ЕРЕМИНА, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Айдананың ата-анасына Париждегі байқаудың ережелерін қағазға шығарып бердік. Басында олар сенімсіздікпен қарап, «бұл, бос нәрсе» дегендей кейіп танытты.

Үмітін үкілеген Айдана алдымен, Қазақстандағы іріктеу кезеңінің гран-приін жеңіп, армандаған Парижге жол тартады. Сөйтіп, 200 қатысушының ішінен суырылып алға шығады.

 АЙДАНА ӘЛІМЖАНОВА, БАЛКАШИНО ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Мен Парижге екі ән дайындадым. Ол - «Қай заман» және «Туған жер». Менің таң қалғаным сол, Францияның адамдары қазақ тілін түсінбесе де, әнімді жақсы қабылдады және қол соқты. Менің арманым – Қазақстан эстрадасына қосылу, эстрада әншілеріне қосылу және басқа елдерге саяхаттау.

ДӘМЕЛІ ЕСЕНТҮГЕЛОВА, А.ӘЛІМЖАНОВАНЫҢ ӘЖЕСІ:

 - Өз қолымыздан қазақыға келтіріп, киім тігіп берейік деп, өзіміздің тудың түсіне сәйкес болсын деп, өзіміздің қазақы ою-өрнектерін салып, бесенеден белгілі боп тұрады Қазақстаннан келді деген. Сондай оймен осы көйлекті тіктік.

Талабы зор әнші қыздан ұстазы да зор үміт күтеді. Жоспарлары да айқын. Биыл шәкірті екеуі Ресейде өтетін «Голос. Дети» жобасына қатысуды көздеп отыр.