Жас дарынның қолынан туған қазақстандық өнердің заманауи мәнердегі үлгісі. Елордада суретші, мүсінші Сырым Мүсірептің «Жаңа бағыт» атты жеке көрмесі ашылды. 21 жасар шебер ұлттық нақыш пен абстракционизмнің тамаша үндестігін құрған еңбектерін көпшілік назарына ұсынды. Қазақ халқының шежірелі тарихы мен ұлттық болмысынан шабыт алған ол жұмыстарын қылқалам және мүсін өнерінің бірнеше жанрында жасаған. Он саусағынан өнер тамған  отандасымыз туындыларына гипс, тас, ағаш, темір сынды түрлі табиғи материалдарды қолданып, бір арнаға тоғыстыра білген. Өнер майталмандары автордың өзіне тән қайталанбас қолтаңбасын тану қиын еместігін айтады. Әр жұмыста қоршаған ортаға деген ерекше көзқарас  байқалады. Еңбектерінен Сырым Мүсірептің философиялық ойларға тереңінен көсіліп бойлайтыны көрініп-ақ тұр дейді, мамандар. 

СЫРЫМ МҮСІРЕП, СУРЕТШІ, МҮСІНШІ:

 - Жасқа ештеңе де байланысты емес. Бастысы барлығы адамның өзінің жігерінде, оның арманында, яғни ол жігер мен арман тіпті қара бұлттың өзін жарып өтсе шуақ болып, яғни мықты, қуатты болса, онда адамға ешқандай кедергі болмайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер