Елордада орден, медаль және төсбелгілердің жылжымалы көрмесі өтті

Елордада орден, медаль және төсбелгілердің жылжымалы көрмесі өтті

Патшалық Ресей, Кеңес Одағы мен Егеменді Қазақстанның түрлі кезеңдері мен айтулы күндерін айшықтайтын туындылар.  Елордада орден, медаль және төсбелгілердің жылжымалы көрмесі өтті. Ерекше коллекция авторы 75 жасар қазақстандық Қайырбек Рамазанов. Сирек кезігетін туындыларды жинау үшін отандасымыз 11 елді аралап шығып, іс-сапар мен демалысқа барған сайын жәдігер іздеп жүрген. Әуестігіне 50 жылдық саналы ғұмырын сарп еткен. Спорт, туризм, көлік пен авиация сыңды тақырыптар өмірлік ермегіне арқау болды. Ұлы Жеңіс күніне орай әскери-патриоттық үлгідегі туындыларкөпшілік назарына ұсынылды.

ҚАЙЫРБЕК РАМАЗАНОВ, КОЛЛЕКЦИЯ ЖИНАУШЫ:

 - 70 жылдан жинай бастадым содан биыл тура 50 жыл болады. Әліде жинап келе жатырмын. Орта есеппен 20 мыңдай коллекция, жәдігер жинадым. Оның 2 мыңдайын музейге бердім әскери мұражайда халыққа көрсетіліп жатыр. Ал 10 мыңдай үлкен коллекцияны Ұлттық музейге бердім. Олар камера хранениеге қойып қойды, жуырда көрсететін шығар. Ал қалған азын-аулақ коллекциямен жылжымалы көрме жасап жүрмін.