Елорда төрінде әлемге аты мәшһүр композиторлар Бетховен, Виотти және Паганинидің өшпес туындылары салтанат құрды. Астаналық сахна төрінде алғаш рет әлемге әйгілі италиялық скрипкашы Гвидо Римонда өнер көрсетті. Класикалық саз өнерінің шебер орындаушысына мемлекеттік «Солистер Академиясы» оркестрі сүйемел жасады. Мәңгілік әуендер кешіне енді бір танымал сазгер түркиялық дирижер, Эртуг Коркмаз жетекшілік етті. Шетелдік майталман музыканттардың мінсіз өнері халықаралық «Eurasia stars» байқауы аясындағы бірқатар концерттер легінің шымылдығын ашты. Мерекелік бағдарламалар бас шаһардың туған күніне арналған.

ГВИДО РИМОНДА, СКРИПКАШЫ /ИТАЛИЯ/:

 - Мен осындай керемет елден шақырту алғаныма қуаныштымын. Жас болса да, әсем қаланың жарасымды кейпіне тәнті болдым. Мені сәулеттік құрылыс нысандарымен қатар қазақстандықтардың бай мәдени мұрасы қызығушылығымды тудырып, шабытымды аша түсті. Мен мұнда өзімді туған жерімдегідей сезіндім. Халқы өте қонақжай мемлекет екеніне көзім жетті. Бұл менің соңғы сапарым болмайтынына сенімдімін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер