«Тәуелсіздік жаршысы», «Қазақстан ядросыз әлемді қолдайды», «Дәуірлер тоғысында», «Негізгі реформалар», «XXI ғасырға аяқ басу». Елордада осы 6 бірдей тақырыптық экспозицияда қамтылған «Тәуелсіздік таңы» атты көрме ашылды. Тұңғыш Президент мұражайының қонақтары бұл жерде егеменді мемлекет құру жолындағы тарихи құжаттар мен мұрағат материалдары, мақалалар, фото, бейне түсірілімдер, құнды кітаптар және елбасының жеке заттарымен таныса алады. Ел қамындағы елеулі оқиғалардан сыр шерттетін көрме тәуелсіздіктің жылнамасы іспетті. Онда Елбасы мұражайы мен кітапханасының қорында сақтаулы 350-ден астам жәдігер қойылған.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Мұндағы экспонаттар XX ғасырдың басынан 2000 жылға дейінгі оқиғалар хронологиялық негізде берілген. Бұл ядролық қарудан бас тарту сынды батыл шешімдер, президенттік институт қалыптастыру кезеңі. Осылайша біз XXI ғасырға президенттік институт негізінде құрылған демократиялық мемлекет ретінде кірдік.

Көрме қонақтары бүгінгі қарқынды дамыған ел жетістіктеріне жету жолындағы шешуші сәттер, маңызды оқиғалар жайында жіті таныса алады. Тәуелсіздік тарихынан баян ететін шара елімізде президенттік институттың құрылғанына 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер