Бейжіңде Мағжан Жұмабаевтың отты жырлары тыңдаушысын тапты. Қытай астанасында ақынның 125 жылдығына арналған шара өтті. Кеш «Рухани жаңғыру» аясында қазақ мәдениетін өзге елдерге кеңінен насихаттау бағытында ұйымдастырылды. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының зерттеушісі Вань Сяоюй Мағжан өлеңдерін болашақта қытайшаға көбірек аударуды жоспарлап отыр.

ВАН СЯОЮЙ, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ:

 - Мағжан өлеңдерімен жақында танысып, бірден жақсы көріп қалдым. Бірнеше туындысын қытайшаға тәржімалап шықтым. Өлеңдері отты, мағынасы терең, еркіндікке деген құлшынысы патриотизмге тұнып тұр. Келешекте де оның өлеңдерін қытайлық жастарға кеңінен таныту үшін аударамын.

Мағжан өлеңдерін Ұлттар университетіндегі Қазақстан орталығында тіл ұстартып жүрген қытайлық студенттер оқыды. Зерттеушілер ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, мазмұнды баяндама жасады.

ХУАН ЧЖУНСЯН, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Меніңше, бұдан былай осы сияқты екі елдің ұлы тұлғаларының, ұлы ақын-жазушыларының, мәдени қайраткерлердің ізгі істерін үгіттеу, талқылау арқылы екі елдің ынтымағын, барыс-келісін нығайтуға тырысуымыз керек.

Қазақ әдебиетін зерттеуші, қытайлық профессор Хуан Чжунсян Бейжіңдегі шараны бір ауыз сөзбен қорытындылады: «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді», деп Мағжан айтып кетендей, ақынның отты жырлары ешқашан сөнбек емес.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер