Классикалық, халықтық және заманауи би. Үздік 14 балет мектебінің 28 бишісі Астанада бидің барлық түрін көрсетпек. Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Еуропа және Орталық Азия елдерінің әртістері хореография өнері бойынша бақ сынасатын болады. Елордада мамырдың 2-6 аралығында Temps Lie халықаралық балет фестивалі өтпек. Шара Астананың 20 жылдығына арналады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына бірқатар тосынсый әзірлемек. Temps Lie аясында дөңгелек үстелдер мен балет өнерінің белгілі өкілдерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бес күндік фестиваль гала-концертпен аяқталмақ.

АЛТЫНАЙ  АСЫЛМҰРАТОВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢРЕКТОРЫ:

 - Фестиваль мақсаты – хореография өнерін қолдап, дамыту. Біз түрлі елдердегі би мектептері арасында тығыз байланыс орнаса дейміз. Осындай фестивальдің арқасында өзге елдердегі мектептердің жұмысымен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасамыз. Фестиваль саладағы маңызды мәселелерді талқылап, заманауи өнердің дамуына ықпал жасайды. Және де мұндай шараның арқасында өзімізді көрсетеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер