Жүз жасаған ән мен мың жасаған күй құдіретінің жыршысы! Елорда төрінде күйші-сазгер Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті. Өнер иесінің дәл осы туындысы халыққа жақсы таныс. Тіпті осы еңбекке арналып 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылған. Әуезді бағдарламада Астана қаласы филармониясының қазақ оркестрі автордың  «Нұрсұлтан» симфониялық поэмасын, «Жетісу сазы» күй дастандарын нақышына келтіре орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Сазгердің  ұлттық мәдениеттің болмысын айшықтайтын одан өзге де «Аққу», «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Кеште Елбасының құттықтау хаты оқылып, дәулескер күйшіге сый-сияпат көрсетілді. Сондай-ақ ол «Өнер» университенің құрметті профессоры атанды.

ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Халқыма рақмет! Қошеметпенен, ризашылықпен тыңдады. Күйге деген құрметін көрсетті. Халқым қазақтың қоңыр домбырасының үнінен шыққан құдіретті, күй құдіретін, күй киесін тыңдады. Бұл жерде ән де, би де болған жоқ. Тек қана күй кеші болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер