Айман Мұсақожаева Мальтада концерт берді

Айман Мұсақожаева әлемді аралап концерт беріп жүр. Еліміздің халық артисі Мальтада өткен VI халықаралық музыка фестивалінде композитор Арам Хачатурянның туындыларын орындады. Концерттік бағдарламада Лермонтовтың «Маскарад» драмасына жазылған сюитасы мен «Гаяне» балетінің үзінділері орындалды. Шара мамырдың 1-не дейін жалғаспақ. Оған I Еуразиялық ойындардың жеңімпаздары қатысады.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

-  Қазір бірегей композитордың туындыларын орындап, бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ, Германия, Австрия, Англия, Мексика, Бразилияда концерттер беріп жүрмін. Мальтадағы музыкалық фестивальге қатысып, Мальтаның филармониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсеткеніме қуаныштымын.