Нотр-Дамның кейіпкерлері қазақ тілінде ән шырқамақ. Әйгілі «Notre dame de Paris» Қазақстанда қойылатын болады. Күзде отандық өнерсүйер қауым тарихи сәтке куәгер болмақ. Коччанте мен Пламондонның танымал француз-канадалық қойылымы қазақшаланды. «Notre dame de Paris» тұңғыш рет осыдан 20 жыл бұрын Парижде сахналанған болатын. Содан бері еуропалық астаналардың театрларында үздіксіз орындалады. Мюзикл 9 тілге аударылған. Виктор Гюгоның танымал кейіпкерлерін «Astana Musical» театрының артистері сомдамақ. Айта кетерлігі, олар қойылымға француз мюзиклі қоюшыларының жетекшілігімен әзірленетін болады.

АСХАТ МАЕМИРОВ, «ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біздің артистердің костюмдері, шаш үлгілері, партияларды орындаулары бәрі түпнұсқамен бірдей болады. Алғашқы қоюшы топтар маусым, шілде айларында келмек. Алдымен қазақ тіліне аударылады. Ол үшін байқау жарияланып, меймандарымыз үздік жұмыстарды өздері таңдайды. Біздің театр үшін, жастар үшін, жалпы әртістер үшін бұл зор тәжірибе болайын деп тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер