Қазақстан, Беларусь және Ресей суретшілерінің туындылары Минскіде. Ауқымды халықаралық көрме «Сегізінші күн» деп аталады. Көрмеге арт-хаус пен эпатаждан ада, тек мейірім мен ізгілікке толы суреттер қойылған. Аға буын мен жас таланттардың туындылары тоғысқан көрмеде әртүрлі жанр мен стильді қамтыған он шақты сурет бар. Экспозициядағы ерекшелік – балалар павильоны. Минск оңалту орталығының тәрбиеленушілері дайындаған бөлім мүмкіндігі шектеулі балаларға арналады.

НАТАЛЬЯ СЕРЖАНОВИЧ, «БІТІМГЕР-ШЕБЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ» ТӨРАЙЫМЫ:

 - Адамдар ішкі жан дүниесі күйзеліске түскен кезде біздің көрмеге келуге болады. Себебі біздің көрмедегі бірегей туындылар өмірге деген ынтызарлықты оятады.

ОЛЕСЯ ИНОЗЕМЦЕВА, ӨНЕРТАНУШЫ:

 - Осы жерге қойылған туындылар адамдарға ой салады. Адамгершілікке, ізгілікке шақырып, өмірге деген сүйіспеншілікті арттырады. Өнер адамдарының миссиясы да осы сияқты. 

Көрмеде Қазақстанның белгілі суретшісі Андрей Аразбаевтың шығармалары қойылған. Мамандардың айтуынша, оның «Тұмар» атты жұмысы «Сегізінші күн» тұжырымдамасына дәл келеді. Автордың өзіндік стилі мен бояулар үйлесімі бейнелеу өнерінен алыс жүрген адамға да суретшінің өз шығармасына сіңірген күш-қуатын сезіндіре алады.

ОКСАНА ШАЛЯПИНА, СУРЕТШІ /БЕЛАРУСЬ/:

 - Мен Андреймен Cанкт-Петербургте 2016 жылы өткен көрмеде танысқанмын. Оның жұмыстары жақсы, стилі де ерекше. Андрей Минскіге өзінің көрмесімен келген, мен де өз жұмыстарымды Астанаға апарғым келеді. 

«Бітімгер-шеберлер одағы» халықаралық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара ізгілік пен мейірімге арналады. Мұндағы мақсат – адами құндылықты сақтау, төңіректегіні саналы оймен бағамдау.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер