Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері араб елдерін аралап концерт беріп жүр. Музыкалық көш Александрия мен Каирге жол тартты. Артистер мысырлықтарға «Құдаша Думан», «Күй шашуы», «Казақ Вальсі», сондай-ақ Петр Чайковский мен Джоаккино Россинидің классикалық таңдаулы туындыларын орындады. Айман Мұсақожаева атап өткендей, Қазақстан мен Египеттің өнер университеттері бірігіп жобалар атқармақ ниетте. Олар Каир өнер академиясымен ынтымақтастық жөніндегі мемарандумға қол қояды. Ал концерттік шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына арналды.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - Біз Рамазан айы қарсаңында өтететін түрлі шараларды бірлесіп атқаруға ниеттіміз. Бүгінде бірнеше жоба бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Египет фестивалі, студенттік кинофестиваль секілді ауқымды шаралар қарастырылған. Міне, соларды Каирлік әріптестерімізбен бірге атқармақ ойымыз бар.

ХАЙФАМ ЭЛЬ МАШАД, ЕГИПЕТ ИНДУСТРИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 - Мен қазақ музыкасын бұрын да естігенмін. Біраз уақыт Астанада тұрдым, ЭКСПО 2017 көрмесіне қатыстым. Сол кезде қазақ музыкасына ғашық болып үлгердім. Ал бұл концерт өте жоғары деңгейде өтті, мен ерекше әсерге бөлендім. Мен барлық қазақ халқына ризамын. Қазақ әндерінің шоқытығы биік, өзіне бірден баурап алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер