Ақыртас – әлемдік өркениетке бергісіз тарихи кешен. Жамбыл облысындағы көне дәуірдегі мәдениеттің озық үлгісі енді тереңнен зерделенбек. Жоспар бойынша еліміздің археологтары мен шетелдік ғалымдардың бірлесуімен халықаралық экспедиция мамыр айында  жұмысын бастайды. Мәдениет және спорт министрлігі мәлім еткендей, кешен 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Себебі ЮНЕСКО құрамына енген нысан әлемдік мәдениеттен ойып тұрып орын алады. Тарихын тасқа жасырған ғажайып құрылыстың әлі күнге дейін сыры ашылған жоқ. Мамандар «Ақыртастың» балбал тастары Түрксіб темір жолын тартқанда құрылыс материалдары ретінде пайдаланылған деген пікірді айтты. Кешенді бұзып, тастарды темір жол астына төсеп, бекеттердің іргетасын қалаған екен. Келелі кездесуде тарихи мұраны туристік орталыққа айналдыру туралы мәселе көтерілді.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

- Жоспарға келсек, әрине қазір археологиялық жұмыстарға, реставрация жұмыстарға одан әрі қарай дамытуға мысалы біз деректі фильмдар шығаруымыз керек.Кітаптар шығаруымыз керек. Кеңінен қалай қалай біз Ақыртасты дамытсақ әрине туристер келіп жатса сол туристен түскен пайда осы Ақыртасты әрі қарай дамытуға арналады.

КАРЛ БАЙПАҚОВ, АРХЕОЛОГ:

- Бұл өте ерекше орындардың бірі. Мұнда түркі, араб мәдениеті тоғысқан. Бұл кешен тек бізді қызықтырып тұр,ан жоқ, баршаға жұмбақ. Мына тұрған тастардың түбінде талай тарих жатыр. Біз соны дұрыс зерттей білсек, өткен тарихтан мол мағлұмат алуға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер