Almaty Youth Jazz Band Нью-Йорктегі халықаралық джаз фестиваліне қатысты - Kazakh TV

Нью-Йоркте халықаралық джаз фестивалі өтті. Танымал театр «Аполлода» өткен өткен өнер кешінде «Almaty Youth Jazz Band» тобы да өнер көрсетті. Отандық музыкалық топ Калифорния, Коннектикут, Флорида мен Пенсильваниядан келген үздік джаз мектептері өкілдерімен бірлесе ән шырқады. Тагир Зариповтың  жетекшік ететін алматылық ұжым аталмыш жанрдың танымал корифейлерінің классикалық мұраларынан арнайы бағдарлама әзірлепті. Бұл топтың ең кішкентай мүшесі он жаста. Оның өнерге деген талпынысын көрген әділқазылар үлкен қолдау көрсетті. Қазақстандық топтың орындаушылық шеберлігі Нью-Йорк көрермендері тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер