«Жастық жалын». Елордада Астана қаласының суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің көрмесі ашылды. Мұнда жас қылқалам шеберлерінің қазіргі заман ағымына сай салынған 50 еңбегі қойылған. Әрбір көркемсурет туындысы автордың өзіндік қолтаңбасымен қатар, орындау мәнері мен техникасы, тақырыптық аясына қарай ерекше дараланып тұр. Көрме елорданың 20 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылды. 

ӨМІРӘЛІ ЫСМАЙЫЛОВ, АСТАНА Қ. СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ ЖАСТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл жастардың шығармашылық жолы енді басталды. Олар негізінен академиялық стилді ұстанады. Бұл дегеніміз,  классикалық академиялық және реалистік мәнерлердің жиынтығы. Бүгінде елімізде «Рухани» Жаңғыру» бағдарламасы іске асып жатыр. Осының аясында суретшілердің кейінгі толқыны  ұлттық құндылықтардың маңызын жоймай жаңаша көзқараста таныту жолында  табысты еңбек етуде.

АКМОР ТӨЛКИЕВА, СУРЕТШІ:

- Бұндай көрмелер өз еңбектеріңді көпшілікке танытуға мүмкіндік береді. Бұл – менің осы көктемде салынған соңғы туындыларым. Барлық жұмыстарым импрессионизм және абстракционизм бағытында жасалған. Басқаша айтқанда, реализм емес. Бұл жерде қоршаған ортаның тылсым бір құдіретіне бөленген сәтте күш-жігер жинап, сол керемет сезім тудырған бейнелерді қағазға түсірдім. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер