Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет - Kazakh TV

Қазақтың дәстүрлі әні мен күйінен классика мен джазға дейінгі сан түрлі жанр. Биыл қазақстандық әртістер шетелдік көрермендерге арнап ұйымдастыратын 50-ден астам қойылым осындай жан-жақты әрі ерекше болмақ. Бастама «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге аспақ. Қазақстандық артистердің бүған дейінгі концерттері шетелдік өнер сүйер қауымды шынайы әсерге бөледі. Беларусь, Үндістан, Швейцария және Корея Республикасы, тағы басқа  мемлекеттердің тұрғындары қазақ халқының өткенінен сыр шертіп, бүгінін баяндайтын  қойылымдарға қол соқты.  

ӘСЕЛ АЙТҚҰЛОВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бағдарламаның таныстырылымы өткен жылдың соңында Парижде өткен болатын. Салтанатты шара барысында халықаралық конференция ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Суретшілер көрмесі өтіп, Қазақстанның шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш еткен еді.

Талант табындырады. Ержан Құлыбаев – шетелдік көрерменге қол соққызған өнерпаз. Қазақстандық скрипкашы Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлинде өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ал, Павлодардан шыққан опера әншісі Мария Мудряктің есімі қазір күллі әлемге танымал. Ал оның іс сапарлары 2020 жылға дейін жоспарланып қойған.   

«Астана опера» – шоқтығы биік қазақ өнерін шетелге насихаттап жүрген ұжым. Мәселен, өткен жылы Арабиядағы Оман сұлтандығында өткен сапар шығармашылық ортаның, опера әншілеренің әлі күнге дейін есінде.

ЕЛЕНА САХНО "АСТАНА ОПЕРА"ТЕАТРЫ ОПЕРА ТРУППАСЫНЫҢ БАС КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ:

- Гастрольдік сапар аясында біз көрермендерге Чайковскийдің «Аққулар айдынын» ұсындық. Қойылымның жаңа хореографиялық нұсқасын Алтынай Асылмұратова әзірледі. Сапарамыз өте сәтті өтті. Әр қойылымда театрда ине шаншар орын болмады. 

Театр ұжымы жыл соңына дейін Италия, АҚШ және Ұлыбританияға гастрольдік сапармен баруды көздеп отыр. Қазақстанның замануи мәдениетін қалыптастыру мақсатында тағы бірнеше халықаралық жоба әзірленіп жатыр. Атап өтсек, Англия, Түркменстан және Ресейде еліміздің мәдениет күндерін ұйымдастыру жоспарда бар.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер