«Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты спектакль сахналанды - Kazakh TV

Әсем саздың сыңғылаған сарыны тудырған оқиға. «Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты спектакль сахналанды. Қойылымның бас қаһарманы – музыка. Әуезді кештің қонақтары таңдайынан сахна саңлақтарының орындауындағы әсем ән мен тәтті күйге бөленді. Театр өнері шеберлерінің қайсысы болмасын қасиетті музыка тілімен бір арнаға тоғысқан оқиға желісінің мән-маңызын ашумен қатар, ішкі жан сырлдарын ақтарып салды.   

ЕРНАР ЖҰМАТАЕВ,  «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жерде көбіне музыкалық аспаптармен жүреді. Біздің 45 актеріміз сахнада бәрі түгелдей бірге шығып, бірге орындайды. Бұл жерде ешқандай фонограмма деген жоқ. Қазіргі тілмен айтқанда еқандай әминусовка» жоқ. Бұл жерде бәрі жанды. Өзіміздің актерлер домбырасымен, гитарасымен музыка тілімен айтқанда «акапельн» айтады бәрі. 

Биыл өнер ошағының құрылғанына 10 жыл толды. Шығармашылық ұжым жас болғанымен, осы уақыттың арасында республикалық және халықаралық байқаулардың 10 мәрте гран-при иегерлері атанып үлгерген. Бүгінде қоғамның айнасына айналған қара шаңырақтың репертуарлық қорында 40-қа тарта сахналық қойылым бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер