Қазақстанда «Бір ел-үш кітап» акциясы басталды - Kazakh TV

«Бір ел-үш кітап». 12 жыл қатарынан ұйымдастырылатын шараның атауы биыл осылай өзгертілді. Өйткені бұл жолы жалпыхалықтық оқуға тек бір кітап емес, бірден үш туынды таңдалды. Кітапсүйер қауым Шәкәрімнің «Шығармалары», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі мен Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты туындысын оқымақ. Айтпақшы, белгілі түркітанушы ғалымның еңбегі қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын және араб тілдері сынды 20 тілде қолжетімді. QR-код арқылы кітаптың электронды нұсқасын да телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Шара қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтауға арналып отыр. Оқырманды әдеби-көркем шығармаларды оқуға тартып, кітап мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

АЙСӘУЛЕ БЕЙСЕНХАН, ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- 2007 жылы басталған «Бір ел-бір кітап» акциясы ең алғаш Абай шығармаларын оқудан басталған болатын. 2018 жылға дейін барлық оқылуға ұсынылған кітаптардың көрмесі осы кітапханамызда қойылған

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер