Елорда мерейтойына арналған концерт

Төл мәдениетке тағзым. «Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі өнерден шашу шашып, әуенді тарту жасады. Бір сахнада тоғысқан Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 350 дарынды өрені халық әндерін шырқап, ұлттық аспаптар-домбыра, қобыз, жетігенде әсем сазды көне музыкалық туындыларды орындады.

КЫДЫРАЛИ БОЛМАНОВ, ӘНШІ:

– Концерт үш сағаттан астам. 400 балаға ән айтқызу, жұлдыздармен қосылып ән айтқызу ол әрине қанша екшесеңде еш баланы алып тастай алмайсың, нөмірді қысқарта алмайсың дегендей өзінің қыр-сыры бар өнерге түсіністікпен, сабырмен, сүйсіне қарауды тілеймін көрерменіме. Көрерменімізге үлкен рахмет. Зал лық толы. 

Жас өнерпаздардың өнеріне Қарақат Әбілдина, Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі, Мадина Сәдуақасова сынды танымал отандық эстрада жұлдыздары ортақтасты.  Аға буын өкілдері жеткіншектермен жұптасып өнер көрсетті. Осылайша, «Қарақат» мектеп-студиясының 10 жылды аталып өтті.

КАРАКАТ ӘБІЛДИНА, ӘНШІ:

- Бүгін өмірімде бірінші рет көрермен залында болып, өнерпаз шәкірттерімнің өнерін тамашаладым.Ол тіпті бір ғанибет болды. Мін таппадым. Барлығы қолмен қойылғандай, барлығы біз ойлағандай. Сол өнерді жоғары деңгейде көрсете білген барша шәкірттеріме алғысымды білдіремін. Сол шәкірттерді тәрбиелеп, үйреткен ұстаздарыма басымды иемін. Бұл жерде бір ғана адамның еңбегі емес әрине.

Музыкалық-шығармашылық бағыттағы «Қарақат» мектеп-студиясы 2009 жылы ашылған болатын. Мақсат – еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас дарындарды анықтап, өнер әлеміне аяқбасуына септесіп жастайынан кәсіби сахнаға ыстау, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын ояту.