Елордада «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты көрме ашылды - Kazakh TV

«Музыканың Ұлы кітабы», «Аспан әлемі туралы ілім», «Ізгі қала  тұрғындарының көзқарасы туралы». Елордада шығыстың ұлы ғұламасы, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен  шығармашылығынан сыр шертер «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты жылжымалы көрме ашылды. Оған Отырар кітапханасының қорындағы сирек кездесетін құнды материалдар қойылған. Жұртшылық назарына барлығы 35 көне кітап пен философтың ондаған шығармасы ұсынылды. Ежелгі трактаттар негізінен тарих, дін, философия, математика мен медицина салаларына арналған. Сондай-ақ осы жерден әл-Фарабидің араб, түрік, парсы және шағатай тілдерінде жазылған еңбектерінің түпнұсқасымен танысуға болады. Мұнда ғұлама жерленген Сириядан жеткізілген заттай жәдігерлер де қойылған. Мұнымен қатар, көрмеден қасиетті құран, шариғат ілімдері, ислам тарихы, хикметтер, көне қиса-дастандар, тіл үйрену құралдары мен Арыстанбабтың ұрпақтары жайлы тың деректер орын тапты.

ОЛЖАС БАЙМҰХАНОВ, ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

- Қазіргі таңда біздің қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жеті мыңға тарта құнды кітаптар сақталған. Сондай-ақ, үш жүзге жуық көне қолжазбалар мен қолмен жазылған бес жүздей құжат бар. Бұл құнды жәдігерлер көпшілікке ашық кез келген адам келіп олармен кеңінен таныса алады. Сондай-ақ, заманауи сандық жүйеге негізделген электронды нұсқада терілген бес мың ресми құжат жиынын жасадық.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер