Ыстамбұлда түркі елдері суретшілерінің көрмесі өтті - Kazakh TV

Өміршең өнер. Ыстамбұлда Кіндік Азия елдері суретшілерінің көрмесі өтті. Көпшіліктің назарына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Татарстаннан келген 12 қылқалам шеберінің үздік туындылары ұсынылды. Авторлар өз еңбектері арқылы өзгелерге өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігін танытты. Қазақстан тарапынан Әбділхан Тілеужанов пен Ольга Эреннің шығармалары ұсынылды. Суретшілер бейнелеген пейзаждар арқылы көрмеге жиылғандар Қазақстанның бай табиғатын тамашалай алды.

ӘБДІЛХАН ТІЛЕУЖАНОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мен өзіміздің Алматы маңайындағы Алатау тауларының «Жылдың төрт мезгілі» атты суреттерімді алып келдім. Көктем, жаз, күз, қыс көріністі бейнелеген туындыларым міне, бірінен кейін бірі тұр. Әлемдегі ең әдемі табиғаттардың бірі - Қазақстан таулары. Оның ішінде Алатау таулары. Соны көрсету мақсатында келдім.

АЙГҮЛ ОКУТАН, СУРЕТШІ /ТАТАРСТАН/:

- Картиналар әртүрлі стиль мен техникаларда салынған. Назар аударсақ, реализм, заманауи миниатюра, абстракциялық және символикалық мағынасы бар сәнді жұмыстарды байқаймыз. Бұл біздің соңғы көрмеміз емес деп үміттенемін. Қазірдің өзінде Ыстамбұл мәдениет университетінен шақырту алдық.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер