«Астана Операда» Эдвард Григтің «Пер Гюнттің саяхаты» атты музыкалық жобасы ұсынылды - Kazakh TV

Норвегияның атмосферасы, ертегі кейіпкерлері, бас қаһарманмен бірге жерасты патшалығына қызықты саяхат. «Астана Операда» Эдвард Григтің «Пер Гюнттің саяхаты» атты музыкалық жобасы ұсынылды. Қойылымның сюжетіне Генрик Ибсеннің белгілі пьесасы арқау болған. Бұл концерт – «Балаларға арналған классика» топтамасының жалғасы. Туынды балалардың түсініп қабылдауына барынша жеңіл. Қойылымда симфониялық музыка мен Тау патшасы, эльфтер мен тролльдер сынды ертегі кейіпкерлерінің ойыны үйлесім тапқан.

РУСЛАН БАЙМҰРЗИН, ДИРИЖЕР:

 - Басты міндет – жас тыңдармандарымызды классикалық музыкаға баулу. Өйткені Гриктің музыкасы ересектер де, балалар да тыңдай алатындай әмбебап музыка. Гриктің өзі «Бетховеннің музыкасы – шарап болса, менікі - су» деп айтқан екен. Адамдардың бәрі дерлік шарап ішпейді,  суды кез келген адам ішеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер