Бакуде өткен «Ахыска арулары» арулар байқауында қазақстандық ару бас бәйгені жеңіп алды - Kazakh TV

Бакуде «Ахыска қыздары» V халықаралық арулар байқауы өтті. 16-20 жас аралығындағы сегіз мемлекеттің арулары қатысқан сайыста қазақстандық ару бас бәйге алды. Екінші орын Әзербайжан аруына бұйырса, үшінші орынды қырғыз қызы иеленді. Сайысқа қатысушылар көркем сөз оқу, ұлттық салт-дәстүр біліктілігі, ақыл-ой жүйріктігі мен сән көрсету бойынша сынға түсті. Сонымен қатар олар «Шығыс маржандары» атауымен көпшілікке сән көрсетті. Бұл байқаудың басты мақсаты – ұрпақ тәрбиесінің негізі қыздардың бойына ұлтжандылық сезімін сіңіру. Мұнда арулардың тәрбиесі мен еңбекке ептілігіне де жіті мән беріледі. Еске сала кетейік, «Ахыска арулары» байқауы алғаш рет Қазақстанда өткен болатын, ал келесі сайыс Түркияда ұйымдастырылмақ.

ЗИЯДДИН ГАСАНОВ, ТҮРІК-АХЫСКА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - «Ахысқа қыздары» біз үшін дәстүрге айналған байқау болды. Оны төрт жыл қатарынан Алматы қаласында өткізіп келдік. Мақсатымыз – түркі елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау. Біз үшін Бакуде Қазақстанды таныстыру – үлкен мәртебе. 

СЕВДА ИСМАИЛОВА, ҚАТЫСУШЫ:

 - Менің ойымша, бұл барлық ахысқа қыздары үшін жақсы тәжірибе болды. Қазір «Ахысқа арулары» байқауы халықаралық деңгейде өтеді. Бұл әр елдің мәдениеті мен танысу үшін таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ ол жерде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді насихаттай аламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер