ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы - Kazakh TV

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына келетін қазақстандықтар мен шетелдіктердің саны артқан. Кешеннің ашылғанына небәрі үш ай болса да, мұнда екі мыңнан астам қонақ келген. 4 залдан тұратын мұражайда Президенттің қызметі, Тәуелсіз елдің дамуы мен қалыптасуы туралы құнды мәліметтер рет-ретімен сақталыпты. Бұдан бөлек, түрлі экспонаттар мен 250-ге тарта кітап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстап-тұтынған 90-ға тарта жеке заттары бар.

ЖӘМИЛЯ ЕЛГАНДИЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «АТАМЕКЕН» ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бізге еліміздің барлық аймағынан үлкендермен қатар, мектеп оқушылары да жиі келеді. Сонымен қатар шетелден келушілер де көп. Атап айтар болсақ, Украина, Түркия, Ресейден арнайы келіп көретіндер бар. Мұндағы құнды экспонаттар – Елбасы тұтынған жеке заттар: Президенттің жұмыс үстелі, бір кездері маңызды шараларды шешуде үстіне киген костюмі. Анасының тұтынған дүниелері мен білім алған мектебінің, өскен үйінің макеті де сақтаулы.

Музейге келушілердің назары алдымен әр түрлі кезеңдерде Президентке берілген түрлі хаттамалық сыйлықтарға түседі. Айта кету керек, аталмыш орталықтағы экспонаттар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры, кітапханасы және музейінен алынған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер