Ағайынды композиторлар көктемге орай тұрғындарға музыкалық тарту жасады. Астанада дарынды музыканттар Серік және Әліби Әбдінұровтардың концерті өтті. Ағайындылар тыңдарман қауымға махаббатқа, Отанға және әсемдікке арналған туындыларын ұсынды. Олардың шығармашылығында  романстардан бастап опера мен балет спектакльдерінің симфониялық туындыларына дейінгі сан түрлі  жанрлар қамтылып, азара қабысқан. Серік пен Әліби Әбдінұровтардың көптеген туындылары қазақстан эстрадасының хиттеріне айналып үлгерді. Серік Әбдінұровтың айтуынша, композиторлардың әрқайсысы жекелей жұмыс істей алады. Алайда ең үздік шығармалар бірлесе жұмыс істегенде ғана туындайды екен.

СЕРІК ӘБДІНҰРОВ, КОМПОЗИТОР:

 - Бүгінгі таңда Алматы мен басқа облыстарда өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бірлескен жобаларымыз көп болады деп ойлаймын. Әлемде ағайынды композиторлар аз кездеседі. Сондықтан өзіміздің өнерімізді көрсетуді жөн көрдік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер