20 жасар қазақстандық пианист БАӘ-де өткен халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды - Kazakh TV

Қазақстандық өнерпаз халықаралық деңгейде танылды. 20 жасар пианист Марғұлан Өнербаев Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Әлемге танылған отандық дарабоз музыкантты ағайын-туыс, жолдас-жоралары әуежайдан қарсы алып, қошемет көрсетті. Көпшілікке танымал шығармашылық бәйге Дубай қаласында өтіп, ең үздіктер анықталды. Бас жүлде иегері қазылар алқасының назарына классикалық туындылармен қатар заманауи саз өнерінің жауһарларын ұсынған болатын.   

МАРҒҰЛАН ӨНЕРБАЕВ, ПИАНИСТ:

 - Байқауда бәсекелестік өте мықты болды. Менің бұл аталымда жергілікті музыка академиясының және әлемнің үздіктерімен сайысқа түстім. Бұрын да халықаралық байқауларға қатысып, көш бастайтынмын. Бірақ ол сындарда бас жүлде тігілмей, орындар ғана берілетін. Қандай бәсеке болмасын мен тек жеңістен дәмелімін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер