Классикалық музыка кеші - Kazakh TV

Вагнердің увертюрасы, Прокофьевтің скрипкамен орындалатын шығармасы және Шуберттің симфониялық сазды сарындары. Елордалықтар мен қала қонақтарының назарына аты әлемге мәшһүр орыс және еуропа классиктерінің жауһар туындылары ұсынылды. Әуенді де әуезді кештің жетекшісі танымал неміс дирижері Михаил Юровский. Маэстро көпшіліктің талғамына сай келу үшін  бағдарламаға түрлі дәуірлер мен әр қилы ырғақты музыканы кірістіріпті. 

МИХАИЛ ЮРОВСКИЙ, ДИРИЖЁР /ГЕРМАНИЯ/:

 - Әртүрлі жанрда болғанымен сәйкестігіне орай негізделіп құрылған бағдарлама. Оркестр сан түрлі мәнердегі ырғақты дыбыстарды орындау арқылы бар шеберлігін ортаға салсын деген ниетім болды. Мен монографиялық яғни бір ғана композитордың шығармашылығымен шектеліп қалатын  бағдарламалар жасаудан аулақпын. Астана қаласына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Алғаш келіп бірден осындай оркестрмен жұмыс істеу қатты ұнады.

Халықаралық дәрежедегі дирижер және «Солистер Акакдемиясы» оркестрінің сүйемелдеуімен еліміздің атын әлемге танытып жүрген скрипкашы Айман Мұсақожаева кештің көркін аша түсті. Халық әртісі мен шебер музыканттардың үндестігі талғамы биік тыңдарманды бей-жай қалдырмағаны анық.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

 - Есептік концерт мамыр айында өткіземіз. Сол мамыр айында біздің хорымыз. Симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі, біздің шәкірттеріміз бәріміз бірігіп 300 адамдай концерт береміз Қазақстан концерт холында.

Айта кетейік, «Айман Мұсақожаева ұсынады...» концерттер топтамасы Астана қаласының 20 жыддығы мен Елордамен түйедей құрдас Ұлттық Өнер университетінің мерейтойына арналған музыкалық тартулар шеруі. Мақсат қазақстандықтарды әлемдік және отандық сазгерлердің өшпес туындыларынан сусындату.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер