Әлем мойындады. Қазақстандық тенор Медет Шотабаев Италияның ұлттық орденін иеленді. Бұл марапат «Астана Опера» театрының жетекші артисіне Қазақстан мен Италия арасындағы байланысты нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін беріліп отыр. Және де итальян тілін насихаттап жүргені үшін жерлесіміз  «Италия жұлдызы»  орденіне лайық деп танылған. Медет Шотабаевтың  командор дәрежесін алған алғашқы қазақстандық екенін атап өтпесе болмас. Орындаушының репертуарында  Верди, Пуччини,  Доницетти және Чайковский операларының басты партиялары бар. Оларды Медет Шотабаев әлемнің үздік сахналарында орындады.

МЕДЕТ ШОТАБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ОПЕРАЛЫҚ ӘНШ:

 - Әрине, бұл үлкен жауапкершілілік. Әрдайым тынымсыз еңбек етіп, елімізді, өнерімізді танытуға тиіспін деген сөз. Менің мұндай жоғары марапатқа ие болуым Италия мен Қазақстанның тәжірибе алмасып, тығыз байланыс орнатқандығын көрсетеді.

Қазақстан мен Италия мәдени байланысты ғана нығайтумен шектелген жоқ. Өткен жылы екі елдің дипломатиялық байланысын орнатқанына 25 жыл толды. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Италия экономиканың түрлі саласы бойынша  инвестициялық және сауда әріптес атанып үлгерді.

СТЕФАНО РАВАНЬЯН, ИТАЛИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Соңғы жылдары Қазақстан мен Италия әріптестігінің нығая түскендігі қуантады. Екіжақты байланыс тек мәдени-гуманитарлық салада ғана емес, экономиканың түрлі бағыттары бойынша дамуда. Бұған екі елдің қатысуымен ұйымдастырылатын шаралар дәлел. Бірлескен инновациялық және технологиялық жобалардың саны артып, әлеуметтік-экономикалық байланыс дамып келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер