Алматы облысындағы «Батыр бабалар» мемориалды кешені

«Батыр бабалар мемориалды» кешені. Жетісудың мәдениеті мен тарихын айшықтайтын музейдің сәулеттік шешемі де ерекше. Батыр дулығасы іспеттес кешен өткен жылы ашылды. Аспанмен таласқан найзаның ұзындығы 25 метр. Бұл музейдің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы асяында бой көтергендігін білдіреді. Музей үш тақырыптық залдан тұрады. Онда сақ-ғүн дәуірін қамтитын заттар мен жаугершілік заманды бейнелейтін  суреттер сақталған.

НАЗГҮЛ БИГЕЛДИЕВА, МҰРАЖАЙ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл осы қазақтың тарихын жас ұрпаққа дәріптеу. Осы экспозициялық бөлімдер арқылы қазағымыздың тарихын насихаттау, сондай-ақ әйгілі хандар мен билердің өмірбаяндарымен таныстыру. Жалпы жас ұрпақты рухани байыту болып табылады.

Айта кету керек, батырлар тарихы тақырыбы үлкен зерттеуді қажет етеді. Ұлы Дала жеріндегі жауынгер бабалардың ерлігі мен күрескерлігін ұрпаққа таныту аманат. Музейде ұрыста пайдаланатын көне қару-жарақ туралы мәлімет көп. Халық иігілігі жолында қызмет етіп тұрған орталықта әзірге 50-ге жуық қару түрлері бар.