«Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» атты монография жарық көрді

Қазақтың ақ серке ұлы Ахмет Байтұрсынов туралы «Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» атты монография жарық көрді. Қазақ тіл білімі мен әдебиет негізін салушы ғалымның өмірі мен шығармашылығына шолу жасаған – Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Татьяна Тугай. Еңбекте ағартушы, саяси және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың Оренбург қаласында өткізген өмірінің кезеңі жайлы, қызметі, бұрын жария болмаған мәліметтер туралы баяндалады. Ахметтің тұлға болып қалыптасу жолын кеңінен таныстыратын кітаптың көпшілікке таныстырылымы Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде өтті. Ал монография орынборлық «Бәйтерек» қайырымдылық қорының бастамасымен жарыққа шығыпты. Кітаптың қазақ тіліне аударылған нұсқасы жуырда Варшавадағы түркітанушылар форумында таныстырылатын болады.

ТАТЬЯНА ТУГАЙ, МОНОГРАФИЯ АВТОРЫ:

 - Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен атқарған жұмыстары көбіне Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі және Қазақстан тәуелсіздігі жолында күрескен қайраткер ретінде ғана зерттеліп келеді. Мен үшін ғалымның Орынборға қатысты ағартушылық жұмыстарын зерттеу ең басты мәселе болды. Туған елінің санасын ояту – оның өмірінің мәні болды.

САУЛЕ ТАИКЕШЕВА,  «БӘЙТЕРЕК» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің Орынбор қайырымдылық қоры көптен бері ағарту жолында жүр. Ресей жерінде көптеген қазақ аймақтарында көптеген қазақтар қауымдастығы бар. Бұл кітап білектерінде болмаса жүректерінде бір із қалдырады деген сеніммен осы кітапты біз жер жүзіне жариялап жүрміз.