Классицизмнің жарқын өкілі Бетховеннің шығармалары мен Брухтың романтикалық әуені тоғысты. «Астана Опера» сахнасында скрипкаға арналған музыканың озық туындылары орындалды. Екі дәуірдің музыкасын бір концертте орындау үлкен шеберлікті талап етеді, - дейді дирижер Абзал Мұхитдинов. Ол белгілі қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаевпен бірлесіп, Брухтың концертін осыдан 20 жыл бұрын көрерменге ұсыныпты. Ол кезде Ержан бар болғаны 11-12 жаста еді.

ЕРЖАН ҚҰЛЫБАЕВ,  СКРИПКАШЫ:

 - Осы 20 жылдық мерейтойды атап өту үшін Брухтың концертін бағдарламаға арнайы қостық. Бетховеннің фортепианоға жазылған каденцияларын өзім өңдедім. Ол туындыны Бетховен белгілі пианист Муцио Клементидің тапсырысы бойынша жазған болатын. Каденцияларды өңдеу оңай болды деп айта алмаймын. Алайда шығармашылыққа толы қызықты жұмыс болды.

АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ,  ДИРИЖЕР:

 - Бір концертте екі композитордың туындыларын қосу үшін шығармаларды түрлі дыбыспен орындай білу керек. Классикалық туынды ноталарда математикалық дәлділіктің болуын,  салмақтылықты талап етсе, романтикалық музыка мерекелік көтеріңкі көңіл-күйді қажет етеді. Біз өзіміздің концерт арқылы көрерменнің көңіл-күйін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыруды мақсат еттік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер