Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Италия Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін Орден кавалері атағына ие болды. Бұл марапат халық артисіне Президент Серджио Маттареланың ұсынысы бойынша тағайындалды. Ұлттық орденді Италия Республикасының елшісі Стефано Раваньян табыстады. Еуропа елінің билігі Айман Мұсақожаеваның екі мемлекет арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Айта кетейік, бұл Орден 1951 жылдан бері табысталып келеді.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Бұл мен үшін, Қазақстан үшін зор құрмет деп білемін. Бүгінгі күні біздің артистеріміз әлем сахналарында өнер көрсетіп, ұлттық өнерімізді танытып жүр. Оларды әлем таниды, мақтан тұтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер