«Қазақстанның 100 жаңа есімі» көшпелі фотокөрмесі ел аймақтарын аралап шығады. Еліміздің бүгінгі келбеті болып табылатын тұлғаларға арналған экспозиция алдымен елордада қанат жайды. Келген жұрт қарапайым қазақстандықтардың өнегелі істерімен жақынырақ танысты. Көрменің ашылуына қарапайым халықпен қатар, байқау жеңімпаздары да  келді. Жоспар бойынша көшпелі көрме елордаға қайта оралып, Астана күнінде көпшілік назарына тағы бір ұсынылуы тиіс.

АРМАН ТОСҚАНБАЕВ, КӘСІПКЕР:

-  Елбасы бастап берген жобаға көп уақыт болған жоқ. Өзім осы тізімге енгеніме әрине қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Бұл өзі жауапкершілік қой. Себебі, өзіміз қазақ халқынан 100 есім боп шықты. Басқа қазақстандықтарға үлгі болу керекпіз. Іспен көрсету керекпіз.

РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒЫН, КОМПОЗИТОР-ПИАНИНОШЫ, ӨНЕРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАГИСТРІ:

 - Осы шараға Италия астанасы Римнан ұшып келдім. Әлі планда талай концерттер бар. 9 сәуір күні Францияның астанасы Париж қаласында үлкен концерт өтеді. Ол жақта жаңа шығармамды Францияның флейталар оркестрі ойнайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер