Ұлыстың ұлы күніне орай жамағаттың ұлттық тағамдар әзірлеп, үй ішін безендіруі дәстүрге айналған. Бұл үрдіс ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұранысты жылдан-жылға арттыруда. «Жас отау» шеберханасындағылар күніне бірнеше көрпе-жастық жасайды. Оларды үйдің сәнін келтірердей етіп, сан түрлі ою-өрнектермен көмкереді.

ӘСЕЛ ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ, «ЖАС ОТАУ» ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Наурыз мейрамына үйге көрпешелер алады, тыстарын жаңартады. Ішіне мақта саламыз немесе қой жүнінен көрпешелер істейміз. Көбі, мақтаға тапсырыс береді. Сосын синтепоннан істейміз. Шетелдіктерге сыйға тартса, диванның үстіне қойса ол жеңілдеу, көп орын алмайды.

Көрпе, жастықтарды әсемдеу үшін негізінен қошқармүйіз оюы қолданылады. Ол байлық пен молшылық нышаны. Алайда қазіргі уақытта шеберлер өздерінің жеке авторлық дизайндарын да жасауға кірісіп кеткен.

ӘСЕЛ ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ, «ЖАС ОТАУ» ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Мағынасы бар. Оған қарасақ, екі жас бірге қосылып жас отау құрғанын көруге болады. Сондай дизайнымыз. Мына матадан істелген көрпешелер 5-10 жыл жаңа сияқты болады, өзгермейді, тігістері шықпайды, түстері өзгермейді.

Шеберханада жұмыс жыл бойы үзілген емес. Сапалы әрі қол еңбегімен жасалатын бұйымдарға тапсырысты шеберлер 2-3 ай бұрын қабылдайды. Сұраныстың көптігіне орай қолөнершілер  қатарын көбейтіп, шеберхананы үлкейту жоспарда тұр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер