Наурыз – жаңару мен жаңғыру мейрамы. Бұл табиғатқа жан бітіп, адам баласының өмiрге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Ұлыстың Ұлы күніне орай әлем елдеріндегі дипломаттар Қазақстан халқына деген жылы лебіздерін білдірді.

САРДАР МОХАММАД РАХМАН ОГЛЫ, АУҒАНСТАННЫҢ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Қазақ халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы достық қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Әрине, бұл ежелден келе жатқан тарихи байланыс. Себебі Ауғанстанда да қазақтар өмір сүреді. Өзбектер мен тәжіктер де бар. Жалпы, барша түркі халықтары Қазақстанды жақсы көреді. Қазақстан өркендеп өсе берсін. Дамыған елдер санатында болсын.

ФАЙЗУЛЛО ХОЛБОБОЕВ, ТӘЖІКСТАННЫҢ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Мен баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Наурыз – жыл бастауы, қуаныш пен шаттық мерекесі. Өз атымнан және Украинадағы Тәжікстан Республикасының елшілігі атынан ынтымағы жарасқан Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бақыт, денсаулық тілеймін. Қазақстан өркендей берсін!

РОМАН СТАНКОВ, МОЛДОВАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ:

- Шын жүректен көпұлтты Қазақстан халқын ұлы мерекемен құттықтаймын. Көктем мерекесі, татулық мерекесі құтты болсын. Бұл жыл басы әр шаңыраққа жылу, береке-бірлік пен шаттық әкелсін. Қазақстан мен Молдова Республикасының ынтымағы арта берсін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер