Ырғақты, жарқын әрі белсенді. «Қара жорға» биі Киев тұрғындарын жаулап алды. Украина астанасында қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Олар Киевтегі метрода студенттер мен дипломаттардың бірлесуімен қазақ биін биледі. Флешмоб ұйымдастыруға «Алтын қақпа» станциясы таңдап алынды. Бұл бекеттің таңдалуы да бекер емес. Алтын қақпа– әлемдегі ең әдемі 20 станцияның тізіміне енеді. Станцияға тәулігіне 20 мыңнан астам адам келіп кетеді. Бұл қазақ мәдениетін танытуға арналған тамаша мүмкіндік болды. Акцияның басты мақсаты – қазақ халқының руханияты мен музыкалық дәстүрін украиндықтарға кеңінен насихаттау.

СӘУЛЕ ӘЛИЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Біз украиндықтарға қазақ мәдениеті мен биін таныстыру мақсатында Наурыз мейрамы қарсаңында флешмоб ұйымдастырдық. Бұл біздің алғаш ұйымдастыруымыз. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Тұрғындар бізге қолдау білдіріп, тіпті кейбіреулері ұялы телефондарына түсіріп жатты.

ЭЛЬМИРА ХУДАЕВА, КӨРЕРМЕН:

 - Мен қазақ биін өмірімде бірінші рет көрдім. Маған «Алтын қақпа» станциясында өткен шара өте қызықты болды. Костюмдер де, би де үйлесім тауып тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер