Алматыдағы орталық музейде Наурыз мейрамына орай танымал суретшілер мен жас буын шеберлерінің көрмесі өтті. Мерекелік шараға бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері мен өнер сүйер қауым қатысты. Ұлттық өнерді дәріптеумен қатар кейінгі буынға қолдау көрсетуді көздегендіктен көрмеде жас суретшілердің жұмыстары көбірек орын теуіпті. 100-ге жуық туындыны аға буын талқыға салып, жас таланттарға бағыт-бағдар сілтеді. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

БАЙТҰРСЫН ӨМІРБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕР:

 - Мәңгілік елді ұстап тұратын, оның мәңгілігін сақтайтын, оны ары қарай дамытатын адам емес па, сол елдің азаматтары емес пе? Сондықтан осы ұрпақ тәрбиесінде, мәңгілік елді ұстап тұратын азамат тәрбиелеу саласында бейнелеу өнерінің орны өте үлкен. Өйткені, бейнелеу өнері тек қана көзге көрінетін нәрсе емес ол рухани тәрбие беретін нәрсе.

Наурыз мейрамына орай Қостанайдағы қазақ драма театрының ұжымы да балғындар үшін мерекелік сый жасады. Мұнда «Наурыз келеді» атты ертегі бірнеше күн бойы сахналанып, жас көрермендердің көзайымына айналды. Қойылымның ерекшелігі бүлдіршіндер оны  тамашалап қана қоймай, оқиға желісіне араласып отырады. 

ЖӘНІБЕК КӘКІМЖАН, ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ

 - Тек ертегі ғана емес, балалармен де жұмыс істеп, балалардың спектакльді көргені бөлек, мына жерде ұлттық ойындарды ойнап, Қыдыр атамен танысып, «Наурыз деген не?» деген сұраққа жауап береді. Бұл – рухани жаңғыру, балаларға ұлттық құндылықтарымызды, мерекемізді дәріптеу.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер