Ұлық  мейрам – әз Наурыз. Қазақстандықтар осынау шуақты көктем мерекесінің тарихын қаншалықты біледі? Елорданың белсенді жастары Ұлыстың ұлы күнін тойлау дәстүрі жайында халық арасында сауалнама жүргізді. «Наурыз–2018» акциясы аясында сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Бас шахардың негізгі көшелері мен ірі ойын-сауық кешендерін аралаған топ мүшелері ұлттық құндылықтарды барынша насихаттауға тырысып бақты. Қоғамдық орындарда викторина ұйымдастырумен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй  де сыйланды. Дарынды жастар көпшілікке арнап  домбырада күй ойнап, халық әндерін шырқады. Акцияға 10 мыңнан астам адам тартылды.

ЕРЖАН ЕҢСЕБАЕВ, АСТАНА Қ. ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

 - Бұл акция елордамызда тұңғыш рет ұйымдастырылып тұр. Ең басты мақсаты наурызды жалпыхалықтық мереке екені дәл 22 күні емес ертерек сезіндіру, ұғындыру. Екіншіден ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді көпшілікке жаппай насихаттау. Енді бір басты мақсаттарының бірі көпшілікті мемлекеттік тілде сөйлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге үндеу тастап шақыру.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер