Наурыз – түркілердің көне мерекелерінің бірі. Жаңару мейрамын халықтар 5 мың жылдан бері атап өтеді. Мереке кезінде ерекше қонақжайлылық пен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету игі дәстүрге айналған. Ұлыстың ұлы күні достық пен бауырластық нығая түседі. Әз Наурызды Халықаралық түркі академиясындағылар да атап өтті. Мұнда белгілі қоғам қайраткерлері, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Венгрия және Моңғолия елдерінің дипломатиялық миссия өкілдері мен ғалымдар жиналды. Меймандар «Балғамен төс соғу» көне дәстүрін өткізді. Бұл дәстүр жаңа жылдың келгенін білдіреді. Сондай-ақ дипломаттар қатысушыларға өз елдерінде Наурыз мейрамының қалай аталып өтетіндігі жайлы айтып берді. 

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, ТҮРКІТАНУШЫ:

 - Наурыздың қайтадан қазақ жеріне, Ұлы далаға қайтып оралғанына 30 жыл болған екен. Одан бері тәуба наурыз халықтың басын біріктіріп, басымызды қосып, берекемізді кіргізіп жатыр.  Наурыз мерекесі құтты болсын. Әр үйдің отбасында, көрші елде ынтымақ болсын, бірауызды болайық.

АНДРАШ БАРАНИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВЕНГРИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЕЛШІСІ:

- Өкініштісі, Венгрияда бұл мерекені тойлау дәстүрі сақталмаған. Біз қазіргі Венгрия аумағында осыдан 1100 жыл бұрын жаңа отанымызды құрдық. Алайда әлі күнге дейін көктемде күн мен түннің теңелу мерекесін атап өтеміз. Әрбір мажарлық үшін жылдың бұл кезеңі аса маңызды. Бұл кезде жаңа бастамаларды жоспарлаймыз. Наурыз мерекесі құтты болсын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер