Сыр өңірінде «Қобыз үні» атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырылды. Экспозиция тамыры тереңде жатқан көнекөз аспабымыз туралы мол мағлұмат береді. Қорқыт бабадан жалғасқан жыраулық өнер де өңірде жақсы сақталғанын атап өту керек. Тағылымы мол шараға 40-қа жуық қолөнерші қатысып, мыңнан астам жұмыс көпшілік назарына ұсынылды. Ал көп бұйымның ішінде көз тартарлығы қарағайдан жасалған бір жарым метрлік қобыз болды. Дәстүрлі мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шара ұрпақ санасын жаңғыртуда септігі мол, дейді ұйымдастырушылар.

САМАЛ АСАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Бүгінгі шараға арқау болып отырған ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан қылқобыз аспабы. Қылқобыз – тағдырлы аспап. Дүйім елдің мұңы мен қуанышын жеткізе білген қазыналы, сырлы аспап. Бүгінгі шарада өскелең ұрпақтың халық санасына осы қасиетті қобызды сіңіру, халқымызға насихаттау біздің басты мақсат.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер