«Номад» ансамблі Мугама фестивалінде

Қазақтың этно-фольклорлық мұрасы Әзербайжан елінде орындалды. Бакудегі Мугама V Халықаралық фестивалінде «Номад» этно-фольклорлық ансамблі Қазақстан атынан өнер көрсетті. Қазақстандық шығармашылық топтың ұлттық аспапта шебер ойнауы көрермен қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. Шараға 15 елдің өнерпаздары қатысты. Фестиваль аясында халықаралық симпозиум болып, ғалымдар мен зерттеушілер ұлттық музыка мәдениетін сақтау мен халықтар арасындағы рухани қарым-қатынасты жақсарту мәселесін талқыға салды.

САНЖАЙ ӘЛМІШЕВ, «НОМАД» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

 - «Номад» фольклорлық тобы өзіміздің, қазақ халқының төл аспабында ойнайды. Біздің құрылғанымызға 5 жылдан асты, қазіргі таңда «Қазақконцерт» атты ұйымда жұмыс істейміз.

ГҮЛЗАДА ОМАРОВА,  ӨНЕРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Жаһанданумен қатар, мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту – ең үлкен үрдіс. Бұл екі ұғым бір-біріне сәл қарама-қайшы келетін тәрізді. Десек те, халық ретінде ұлттық санамызды сақтағымыз келсе, біз  төл өнерімізді  сақтап қалуымыз керек. Біз өз мәдениетімізді насихаттап, ұлттық құндылықтың маңызын халықтың санасына сіңіру жолына тұрдық.