Түркиялық басылым кезекті санын Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаға арнады - Kazakh TV

Түркиялық басылым кезекті санын Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаға арнады. «Қазақ елі» журналы қаламгердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасаған. Бауырлас елдегі оқырмандар енді Шерхан Мұртазаның түрік тіліне аударылған «Ай мен Айша» атты романын оқи алады. Түркиялық жазушы Емруллах Өздемир «Түркіге ортақ туынды» мақаласында «тұтас бір дәуірді, сол кезеңде өмір сүрген халықтың өмірін бейнелеген шығармадан ерекше әсерленгенін» айтады. Екі ел арасындағы рухани бауырластық байланыстарды тереңдету мақсатында қолға алынған басылым қазақтың тарихы мен табиғатын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін насихаттайды. Айта кетейік, «Қазақ елі» журналының қалың оқырманға жол тартқанына биыл бір жыл толды. Қазақ диаспорасының қолдауымен жарық көретін «Қазақ елі» журналы қазақ және түрік тілінде шығады.

СЕРКАН ДИНЧТҮРК, ҚАЗАҚ-ТҮРІКТЕРІ БІЛІМ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Шерхан Мұртаза ағамыздың еңбектері осы жылдың ішінде түрік тіліне аударылды. Журналдың басты мақсаты да Қазақстанның танымал ұлы тұлғаларын осы Түркиядағы 80 миллион халыққа таныту. 8 мемлекетке таралады. Еуропаға жібереміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер