Алматылық артистер «Ер Төстік» қазақ ертегісінің жаңаша нұсқада ұсынды

Алматылық артистер «Ер Төстік» қазақ ертегісінің жаңаша нұсқада ұсынды. Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымы тың технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалды. Салт атты акробаттардың орындауындағы шоу көрерменді ертегі әлеміне жетелейді. Қиял-ғажайып ертегісінің желісімен құрылған бағдарлама Астананың 20 жылдығына арналды.

МАРИНА РЕДЬКО, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІНІҢ БАС БАЛЕТМЕЙСТЕРІ:

 - Бұл 30 жыл ішіндегі алғашқы іссапарымыз. Осы уақытқа дейін бөлек нөмерлер жеке шығатын, ірі ұйымдастырылған халықаралық байқаулардың лауреаты атанып келетін. Ал бүтін бір бағдарламаның жұмыс бабымен сапарлатуы 30 жыл ішінде алғаш болып отыр.