Ескі алтын сағат, баспа машинасы, жазу үстелі мен қолдан пішілген перде. Бүгінде жәдігерге айналған бұл заттарды кезінде қазақтың әйгілі ақыны, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин тұтынған. Елордада заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің өнегелі өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертер көрме ашылды. Экспонаттардың қайсысын алып қарасаңыз да, ерекше сыр мен құндылықтарға толы. Мұралардың ішінде жазушының қалам тербеген проза, повестері, поэмалары мен өлеңдерінің алар орны бөлек. Көрмеде Сәкен Сейфуллин шығармашылығының таңдамалы деген 20 туындысымен танысуға болады.  

ГҮЛНӘЗИЯ ЫБРАЕВА, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ  МҰРАЖАЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздегі мұражай қорында 6 мыңнан астам жәдігер сақталған. Оның екі мыңға жуығы – аса құнды экспонаттар. Негізінен Омбы, Орынбор, Алматы қалалары мен орталық мұрағаттан алынған құжаттар. Біз Сәкен Сейфуллиннің өмірінен сыр шерттер мұрағаттарды әлі де жинастырып жатырмыз. Көптеген мұрағаттарды ақтардық. Оның өзі туған Қарағанды аймағындағы елді-мекендерді аралап шықтық. Көрмеге негізінен Сәкенн Сейфуллиннің әйелдер тақырыбына жазған еңбектері қойылды.

Қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, халыққа насихаттау қызметін қасиетті шаңырақ Сәкен Сейфуллин мұражайы атқарып келеді. Онда ақынның жұмыс кабинеті және бөлмесі қалпына келтірілген. XIX ғасырдың ортасында құрылған мұражай-үй елорданың 10 сакралды нысанының тізіміне енгізілген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер