Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Орталық Азиядағы ең көне музей экспонаттары елімізге жеткізілмек. Қарақалпақстандағы Игорь Савицкий атындағы өнер музейі Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайымен ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасыпты. Музейдің негізін 1966 жылы Орта Азиядағы кескіндеме суретін жинаушы, этнограф Игорь Савицкий қалапты. Бүгінде жәдігерлер тұнған орталық ресейлік авангардтық кескіндеме жинақтарының арасында маңыздылығы мен көлемі бойынша әлемде екінші болса, Орталық Азия аймағында ең үздік өнер ошағы саналады.

ГҮЛБАХАР ІЗІМТАЕВА, МҰРАЖАЙ БАСШЫСЫ:

 - Бүгінгі күні мұражай қорында жүз мыңнан астам жәдігер бар. Олардың басым бөлігі 20-шы ғасырдың бас кезіндегі бейнелеу өнерлерін қамтиды. Онда танымал Ресей авангардттары мен Түркістандық  кескіндеме суреттері де бар. Қарақалпақстанның сәндік қолданбалы өнерлері ерекше орын алады. Бірегей қайталанбайтын  туындылар тізіміне енгізілген  «Сәукеле», «Төбелік» «Көккөйлек» сияқты заттар еш жерде кездеспейді.

Музейде бейнелеу өнері туындылары мен бірнеше елдің сәндік қолданбалы тоқыма және зергерлік бұйымдары сақталыпты. Тіпті археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі қала маңынан табылған көне жәдігерлер де бар. Ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдары көздің жауын алады. Міне, осындай шығыс маржандарын қазақстандықтардың тамашалайтын күні алыс емес. Көрме қос елдің мәдени байланыс тамырын тереңдете түседі.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстандықтар үшін бұл музейдің мәні бөлек. Себебі оның ішінде қазақтың дәстүрі, қарақалпақтың дәстүрі бар, өзбектің дәстүрі бар. Бірақ ішінде Орыс пен Еуропаның авангарды өте қызық болайын деп тұр. Себебі бұл әр салада өз жетістіктері көп. Сол жетістіктерін Қазақстанға көрсетсін. Бір шетінен біз Қастеев музейін ертең осы өзбекстан жерінде көрсетіп, біздің осыншама жасалып жатқан жұмыстарымызды Өзбек еліне үлкен-үлкен көрмелерде Қастеевтің көрмесі танымал болады. Соған біз үлес қосып жатырмыз.

Музейдің топтамасында аймақты мекендеген халықтардың ежелгі және ортағасырлық өнер туындылары, көне бұйымдар, Өзбекстан сурешілерінің еңбектері, тіпті Лувр экспонаттарының көшірмелері бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер