Қазақтың Қыз Жібегі, италиялық Джульетта немесе орыстың Ақшақар ариясын білмейтіндер кемде-кем. Сұлулық пен мәңгілік махабаттың жарқын үлгісіне айналған кейіпкерлерге өзгелер теңеседі. Олардың бойында тұнып тұрған іңкәрлік пен ұлы сезім Брусиловский, Римский-Корсаков, Беллини сынды сазгерлердің шығармашылығына арқау болып, шабытарын оятты. «Астана Опера» театры халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Махаббат алауы маздайды...» атты концерттік бағдарлама әзірледі. Музыкалық кеш қонақтарына әлемдік опера жауһарларының лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасы театрдың солисі Мәдина Исламованың орындауында ұсынылды.

МӘДИНА ИСЛАМОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСТІ:

 - Мен композиторлардың лирикалық кейіпкерлердің бейнесін әрқилы жағдайда, түрлі елдерде, әр кезеңдерде қалай ашқанын жеткізгім келді. Махабат – еш уақытта ескірмейтін мәңгілік тақырып. Осы нәзік жанды арулар образы арқылы ұлы сезімді әррбір сазгер өзінше суреттейді. Бұны мен өзімнің сүйікті арияларымды орындау арқылы көрерменге ұғындыруға тырыстым. 

Сондай-ақ көрермен отандық жезтаңдай әншілер Азамат Жылтыркөзов пен Рамзат Балакишиевтің өнерін тамашалады. Шебер музыканттар Балжан Сапарова, Любовь Ткаченко, Кирилл Красюков Елена Сахно мерекелік бағдарламаның көркін аша түсті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер